17 қазан 2022 17:18

Желіде Алматы орталығында түсірілген видео қызу талқыланып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Желіде экшн-видео қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде экшн-видео қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда, ол Алматыдағы Астана алаңында түнде түсірілген. Видеода көлік асқан жылдамдықпен келіп, бірнеше рет айналып, жерге құлағаны көрінеді. Кадрлардан полиция көліктерін де байқауға болады.

Бұл Ұлттық ұланның арнайы жасақтары туралы уақытша атауы "Бүркіт" толықметражды көркем фильмнің түсірілімі екені белгілі болды.

"Бұл отандық "АЮ Синема" кинокомпаниясы түсіріп жатқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы үшінші әскери фильм. Фильмнің режиссері - қазақстандық кинематографияда "Шестой пост" және "Казбат" әскери фильмдерінің бас продюсері ретінде танымал - Данияр Ибрагимов. Бұл фильм оның режиссерлік дебюті", - деді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі өкілдері.

Фильмнің түсірілімі 30 қыркүйекте басталған.

"Жобаға түсірілім орны Іле-Алатау ұлттық саябағының көрікті жерлері мен Іле өзені жағалауында таңдалды. Сонымен қатар, Алматы және Қонаев қалаларында күрделі сахналық түсірілімдер бар. Картинаның негізі шынайы оқиғаларға негізделген. Сценарий арнайы күштердің символы - қызыл күрең берет кию құқығын алу үшін ауыр сынақтардан өткен үш кейіпкердің төңірегінде жазылған. Фильмнің сюжеті жедел-іздестіру іс-шараларына және нақты оқиғаларға қатысқан кейіпкерлерге негізделген", - деп толықтырды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети