Әлеуметтік желілерде қолданушылар 1-11 сынып оқушыларын ата-аналардың келісімінсіз COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы бұйрық шыққандығы туралы хабарлама тарады. Бұл ақпаратты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде қолданушылар 1-11 сынып оқушыларын ата-аналардың келісімінсіз COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы бұйрық шыққандығы туралы хабарлама тарады. Бұл ақпаратты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, мұндай бұйрық ешқашан болмаған.
"Осы хабарламаға қатысты, кез келген профилактикалық егу, соның ішінде КВИ-ге қарсы вакцинациялау да ата-аналардың ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізілетінін хабарлаймыз. Вакцинациялауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде ақпараттандырылған келісім алдын ала жиналады. Осыған байланысты, алдын ала жасалған тізім бойынша вакцинациялауға ата-анасы қол қойған келісімі бар балалар және ата-анасының қатысуымен ғана екпе салдыруға шақырылады", - деп түсіндірді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Оның айтуынша, мектептерде мәжбүрлі вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ. Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің №36 қаулысына сәйкес оқу мекемелерінде күн сайын кіру кезінде тексеру жүргізіледі. Мектептің барлық қызметкері термометриядан өтіп, кіреберісте қолын санитайзермен өңдеуге міндетті. Сабақ кестесі оқушылар бір-бірімен барынша аз байланыста болатындай етіп жасалады.
Ержан Байтанаев қазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырды. Шынайы ақпарат алу үшін Комитеттің ресми интернет-ресурсына, "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК" телеграм-арнасы сияқты ресми дереккөздерге және Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға жүгінуге немесе комитеттің мекен-жайы бойынша жазбаша сауал жолдауға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!