Желіде балта ұстаған адамның видеосы тарап жатыр: полицейлер пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде балта ұстаған адамның видеосы тарап жатыр: полицейлер пікір білдірді видео кадры

Қазақстандықтар адамдарға балтамен шабуылдаған ер адамның видеосын таратып жатыр. Полицейлер бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар адамдарға балтамен шабуылдаған ер адамның видеосын таратып жатыр. Полицейлер бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар мессенджерлерде ер адам досымен жанжалдасып, төрт адамды өлтірді деген аудиохабарламалар мен видеолар таратып жатыр. Хабарлама авторлары бұл оқиғаның Семейде болғанын айтады.

Кадрларда жартылай жалаңаш адамның басқа ер адамды жерге құлатып, балтамен ұра бастағаны көрінеді. Ал тағы бір видеода ер адам баспалдақ астында ер адамның үстінде мініп алғаны көрсетілген. Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар болғандықтан, редакция бұл видеоны жарияламайды.

Бұл туралы Абай аудандық полициясы пікір білдірді.

"Абай ауданының полиция департаменті бұл дерек бізге беймәлім екенін және оның Абай ауданына еш қатысы жоқ екенін мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Оқиға Ресейдегі Хакасия Республикасының астанасында болғаны белгілі болды. Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, ер адам басқа біреуге шабуыл жасап, оны балтаның дүмімен ұрған. Жәбірленуші ауруханада жатыр, ал полиция қылмыскерді ұстады.

Ал жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде тұтқынның адамдарға бірнеше шабуыл жасауға қатысы бар деген ақпаратты бөлісіп жатыр. Алайда тергеушілер бір ғана жәбірленуші болғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети