Желіде Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің үкімі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің үкімі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қалалық соты Желіде жарияланған жазбаларға пікір білдірді.
"Егер сіздің үйіңізде тінту кезінде жарты миллион еуро табылса, бұл сіздің мемлекеттік қызметтегі 20 жылдағы жалақыңыз деп айтыңыз және бұл ақша сізге қайтарылады. Бұрынғы жауапкер СІМ осылай жасады", - деп жазды жазба авторы.
Бұл туралы PROTENGE Telegram-каналында жарияланды.
Нұр-Сұлтан қалалық соты осы жазбаға қатысты пікір білдірді.
"Анарбек Қарашев елшілік ғимаратының құрылысына бөлінген қаражатты ұрлады, сондай-ақ кәсіпкерлерден пара алды және ақша қаражатын заңдастырды деп айыпталды. Прокурор сот процесі барысында Қарашев пара алды және заңдастырды деген айыптаудан бас тартты. Сот Қарашевтің пара алғаны және ақшаны заңдастырғаны туралы айыптаудан прокурордың бас тартуын қабылдады. Сот үшін айыптаудан бас тарту міндетті болып саналады, сондықтан сот осы істе өндірісті тоқтатты.
Кейін Қарашевке қатысты елшілік салуға бөлінген ақшаны ұрлау және ҚҚС ақшасын ұрлау ісі қаралды. Сот ақшаны жымқыру фактісін анықтаған жоқ, сондықтан Қарашевтің әрекеттері лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану үшін қайта сараланды. Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі үкімімен оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Тараптар, оның ішінде прокурор оған шағымдануға құқылы", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, Анарбек Қарашевқа қатысты сот үкімі биыл 21 қыркүйекте шыққан болатын. Бастапқыда Қарашевтің әрекеті елшілік ғимаратының құрылысына бөлінген қаражатты жымқыру ретінде қарастырылған болатын. Алайда кейін сот олардың әрекетін билікті теріс пайдалануға жатқызды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!