Желіде далада серуендеп жүрген қоқиқаздың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде далада серуендеп жүрген қоқиқаздың видеосы жарияланды Видеодан алынған скриншот

Желіде Торғай даласында жалғыз серуендеп жүрген қызғылт қоқиқаздың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Торғай даласында жалғыз серуендеп жүрген қызғылт қоқиқаздың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлар Instagram-дағы lvov_osh парақшасында жарияланды.

"Кеше біздің ауыл тұрғындары нағыз ғажайыпты, қызғылт қоқиқазды көрді. Ол далаға қалай және қайдан тап болғаны белгісіз", - делінген видео сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Львовская основная школа (@lvov_osh)

Наурызым қорығының мамандары "Костанайские новости" тілшісіне өңірдегі қоқиқаздар сирек құбылыс емес екенін айтты. Бұл құстар әдетте облыс аумағы арқылы ұшып, Наурызым қорығының көлдеріне тоқтап, онда 2-3 күн демалады екен.

Содан кейін олар Ақмола облысының аумағында орналасқан Қорғалжын қорығына ұшып кетеді. Ал видео облыс шекарасында, Жарқайың ауданы Львов ауылының маңында түсірілгені белгілі болды.

Еске салайық, наурызда Маңғыстау тұрғыны теңіз жағасында үсіп, өліп қала жаздаған қоқиқазды құтқарған болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети