28 ақпан 2020 | 16:37

Желіде Дулат Ағаділдің мәйіті түсірілген видео таралып жатыр

Нұр-Сұлтан прокуратурасы Дулат Ағаділдің мәйітін жуу орнында түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан прокуратурасы Дулат Ағаділдің мәйітін жуу орнында түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде Ағаділдің мәйітін жуу орнында түсірілген видео тарап жатыр, оған зорлық-зомбылық көрсетілді-мыс деген пікір айтылған. Бірден айтайын, бұл әдеп пен моральға қайшы. Видео туыстарының келісімінсіз таралып кеткен", - деп мәлімдеді қала прокурорының орынбасары Елдос Килымжанов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, роликте мәйітте дақтар бары айтылған. "Өз тарапымнан мәйіт дақтары биологиялық өлімнің белгісі екенін айтқым келеді. Медициналық тілмен айтқанда, дақтар жүрек қызметі тоқтағаннан кейін пайда болады. Ол адам қайтыс болғаннан кейін бір сағаттан соң пайда болуы мүмкін", - деп түсіндірді Қилымжанов.

"Азаматтарды асығыс шешім шығармауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деді Елдос Қилымжанов.

Прокурордың орынбасары Дулат Ағаділдің анасы прокуратураға марқұмның отбасы рұқсатынсыз видео түсіріп, оны таратқан адамдарға шара қолдану туралы арызданғанын хабарлады. "Ол бейнежазба мен пікірлерге өте наразы", - деді ол.

Ол Дулат Ағаділді ұстау шаралары сот санкциясы негізінде жүргізілгенін, оны Талапкер ауылы емханасының медициналық қызметкерлері тексергенін айтты. "Зорлық-зомбылыққа тән қандай да бір дене жарақаттары табылған жоқ. Істі тергеу барысында сараптама тағайындалды. Қайтыс болған адамның қорғаушысы мемлекеттік сот-сараптама қызметіне қатысы жоқ сот медицинасы саласындағы мамандарды ұсынды және тартты", - деп толықтырды қала прокурорының орынбасары.

"Келесі күні мәйіт адвокат, Ағаділдің ағасы және екі медициналық маманның қатысуымен қаралды. Нәтижесінде, қайтыс болған адамның ағасы мен адвокаты қандай да бір наразылық білдірген жоқ. Барлығы видеоға түсірілді, бірақ оны этикалық нормаға сай жария ете алмаймыз", - деді Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, сараптама қорытындысы лабораториялық зерттеу нәтижелері бойынша ұсынылады.

26 ақпанда жағдайды әділ зерттеу үшін қылмыстық істі қаланың арнайы прокурорлары басқармасы алды, тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болған еді. Кейін Ішкі істер министрлігі Ағаділдің өліміне қатысты мән-жайды айтқан болатын. 

Министрлік Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мән-жайды айтты

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная