Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы басталды Сурет: ©Тұрар Қазанғапов/TENGRINEWS

Қазақстандықтар денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановты қолдау акциясын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановты қолдау акциясын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі қолданушылары "Мен, біз - Елжан Біртанов" жазуымен сурет таратып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#МыЗаЕлжанаБиртанова

Публикация от #МыЗаЕлжанаБиртанова (@my_za_birtanova)

5 қарашада Желіде Біртановпен таныс болған, бірге оқыған және еңбек еткен адамдар экс-министрді қолдауға арналған ашық хат жариялады. Хатқа қазақстандық танымал медицина орталықтарының басшылары қол қойған. Олардың ішінде University Medical Center корпоратив қорының басшысы Юрий Пя, Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақов, Ұлттық ғылыми медицина орталығының басқарма төрағасы Абай Байгенжин және басқалары бар.

UMC баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне Юрий Пяның ашық хатқа қол қойғанын растады.

"Денсаулық сақтау министрлерінің ішінде науқастар мен әріптестеріне әрдайым ашық, санитардың жолынан бастап токсиколог дәрігер, бөлім меңгерушісі, ғылыми орталық, медицина холдингі басшысынан министрге дейінгі жолды өткен маман құрметке лайық. 

Әлемнің үздік университеттері мен клиникаларында тамаша дайындықтан өткен, ағылшын мен қазақ тілдерін еркін меңгерген, практикалық тәжірибесі мол Елжан Біртанов әлемнің көптеген жерінде әріптестерінің құрметіне ие болып, елімізге үздік шетелдік тәжірибе мен мамандарды тартуға мүмкіндік берді. Елжан Біртановтың Денсаулық сақтау министрлігіне келуі еліміздің көптеген дәрігері тарапынан зор ықыласпен және ізгі ниетпен қабылданды", - делінген хатта.

Ашық хатқа қол қойған мамандар Елжан Біртановты тергеу кезінде үй жағдайына жіберуді сұрап отыр, өйткені ол пневмониямен ауыр сырқаттанған. 

Одан бөлек WhatsApp мессенджерінде экс-министрді қолдау мақсатында өлең жолдары тарап жатыр, авторы Абзал Салихов.

Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети