ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2021 | 17:40
Желіде жарық өшуіне байланысты қауесет тараған
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда "Нұр-Сұлтаннан берілген нұсқау" салдарынан Ақмола облысының тұрғындары жарықсыз қалды деген қауесет таралған. Әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда "Нұр-Сұлтаннан берілген нұсқау" салдарынан Ақмола облысының тұрғындары жарықсыз қалды деген қауесет таралған. Әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.
Хабарлама авторының айтуынша, Ақмола облысының Астрахань ауданында электр жарығы жоқ, бірақ жарық неге өшірілгенін "аймақтық электр тарату желісі білмейді".
"Нұсқау Нұр-Сұлтаннан берілген дейді! Жеткен жеріміз осы екен! Блогерлердің айтқаны біртіндеп орындалып жатыр! Одан да жаман болады! Дайындалыңдар, 90-жылдар келе жатыр", - делінген хабарламада.
Ақмола облысының әкімдігі электр қуатының өшірілуіне қатысты жағдайға пікір білдірді. Елордадан берілген тұрғындарды себепсіз жарықсыз қалдыру туралы бұйрық жайлы қауесет жоққа шығарылды.
"АЭҮК" АҚ ақпаратына сүйенсек, Екібастұз МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2-де болған апат жағдайына байланысты Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінде ақау шығып, шектеулерді шұғыл енгізудің бекітілген кестелеріне сәйкес, тұтынылатын қуатқа шектеулер енгізілді. Энергиямен жабдықтауды шектеу кезең-кезеңмен алынып тасталды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Сонымен қатар, өңір әкімдігі апат салдарынан Көкшетау, Щучинск, Степногорск және Ақмола облысы аудандарының тұрмыстық нысандарында электр қуаты өшірілгенін хабарлады.
Бұған дейін Instagram желісінің қолданушылары Тараздың аспанында түсірілген ұшақтың ізін адамдарды "уландыратын" химикаттардың ауада тозаңдануының дәлелі деп көрсетілген видеоны талқылаған еді. Бұл ақпаратты Жамбыл облысының әкімдігі жоққа шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также