Әлеуметтік желілерде полицейлердің ер адамды ұстауға тырысқан әрекеті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде полицейлердің ер адамды ұстауға тырысқан әрекеті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жанжалды видеоға түсіріп тұрған әйел баланың көзінше шабуыл жасаған тәртіп сақшыларының әрекетіне наразылығын айтты.
Жітіқара қаласында полиция қызметкерлерінің ер адамды құрықтау әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда тәртіп сақшыларының екі ер адамды ұстауға тырысқаны көрінеді. Ұсталғандардың бірінің әйелі жұбайына көмектесіп жүргені байқалады. Полицейлерге әдепсіз сөздер айтылады.
"Бұл заңсыздықты желіге саламын. Кішкентай баланың көзінше... Заңсыз ештеңе жасаған жоқпыз, жай ғана үйге қайтып бара жатқанбыз. Сендер тисіп тұрған әйелдің ағасы - бастықтарың, күте тұр!", - дейді видео авторы.
Видео соңында ер адам қармен бетін жуып, өзіне "бұрыш" қосылған сүйықтық шашқанын айтады. Полиция қызметкерлері жанжалға қатысы бар 39 жастағы ер адамды мас күйінде ұстағанын хабарлады.
"Қоғамдық орында мас күйде балағат сөздер айтқандықтан ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі тіркелді. Тәртіп бұзғандарға Әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп түсіндірді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Жітіқара аудандық полиция бөлімшесінің бастығы жанжалға қатысқандармен кездескені хабарланды. Қызметкерлерге қатысты тәртіптік өндіріс басталды, жетонға түсірілген видео да тексеріліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!