28 желтоқсан 2016 | 17:16

Желіде Канада тауларында қазақстандық жігітті құтқару сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CTV News Vancouver © CTV News Vancouver

Желіде Канада тауларында 20 жастағы қазақстандық Арслан Жүністі құтқару сәті түсірілген видео мен суреттер пайда болды. CTV News Vancouver телеарнасының мәліметінше, сноубордшы 26 желтоқсанда кешкі уақытта жоғалып кеткен.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Канада тауларында 20 жастағы қазақстандық Арслан Жүністі құтқару сәті түсірілген видео мен суреттер пайда болды. CTV News Vancouver телеарнасының мәліметінше, сноубордшы 26 желтоқсанда кешкі уақытта жоғалып кеткен.

Қазақстандық жігіт бір тәулік бойы қарда жатқан. Құтқару операциясының арқасында жігіт таңғы уақытта тікұшақпен қауіпсіз жерге жеткізілді.


Видео CTV News Vancouver

 

"Құтқарушыларға алғыс айтамын, олар менің өмірімді құтқарып қалды. Тауда менімен мұндай жағдай болған емес. Бұл оқиға үшін ұялып түрмын, себебі мұндай қатерден аулақ болуға да болар еді", - деді Арслан Жүніс журналистерге.

Телеарна мәліметінше, құтқарушылар сноубордшымен ұялы телефон арқылы байланысқа шығып, оны аман алып қалған. Олар дүйсенбіде бір-бірімен хабарлама алмасып, келесі күні жігітті құтқарған.

"Қазіргі уақытта қазақстандық жігіттің жағдайы жақсы. Tengrinews.kz тілшісі Арслан Жүністің досы Максим Ионовпен байланысқа шықты. Ол қазір Сочиде екен. "Иә, мұндай жағдай болды. Ол менің досым. Оның осындай жағдайға ұшырағаны жайлы естідім. Оны құтқарып алды. Оқиғаның мән-жайын әлі білмеймін. Құдайға шүкір, бәрі жақсы", - деді сноубордшының досы.

Сондай-ақ, ол аман қалған досының әлі Отанына қайтпағанын айтты. Ал Facebook желісіндегі парақшасында Арслан Жүніс құтқарушыларға алғыс білдіріп, спортшыларға таулы аймақтарда сақ болуға шақырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети