26 желтоқсан 2017 17:19

Желіде қансырап жатқан адамдардың суреті тарап кетті - ІІМ мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар арасында WhatsАpp мессенджері арқылы көзі жойылған лаңкестердің тарап жатқан суреттері туралы ҚР ІІМ өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

ІІМ өкілінің мәліметінше, қазақстандықтар телефондарына екі түрлі оқиғаның суреттерін алып жатыр. Бір суретте Батыс Қазақстан облысының аумағында 20 желтоқсанда Lada Granta мен "Газель" автокөліктерінің соқтығысқан жағдай. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан. 

Сонымен қатар, осы оқиғаның суреттерімен қатар көлікке атылған оқтар және көзі жойылған лаңкестердің суреті таралып жатыр. ҚР ІІМ осы суреттердің жол-көлік оқиғасына мүлдем қатысы жоқ екенін хабарлады. 

"Олардың еш қатысы жоқ және екінші сурет Ресейде түсірілген. Жалған мәлімет таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді Сәдубаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети