Желіде Қазақстандағы референдумға қатысты тағы бір фейк тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қазақстандағы референдумға қатысты тағы бір фейк тарады Видео кадры

Қазақстандық Telegram-арналарда бірден бірнеше бюллетеньді дауыс беруге арналған жәшікке салып жатқандар түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Telegram-арналарда бірден бірнеше бюллетеньді дауыс беруге арналған жәшікке салып жатқандар түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды stopfake.kz.

Видео бүгін, 5 маусымда Республикалық референдум барысында түсірілгені жазылған. Портал мәліметінше, бұл - жалған ақпарат.

"Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны Желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың айтуынша, заңбұзушылық Бақай ата ауданындағы № 6071 учаскеде болған", - деп жазды портал тілішері.

Видеоның бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Желіде дауыс беруге арналған қаламдар туралы фейк видео тарағаны хабарланған болатын. Кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалып кететіні көрсетілген. Автордың ойынша, дауыс беру кабиналарына осындай "өшіп қалатын" сиясы бар қаламдар әдейі қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети