27 сәуір 2021 | 15:07

Желіде қазақстандықтар ұжымдық иммунитеттің вакцинацияға қатысын талқылап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тengrinews.kz Сурет: Тengrinews.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары ұжымдық иммунитеттің вакцинациямен байланысы жоқ деген ақпаратты таратып жатыр. Олар доктор Артур Хедричтің 1932 жылғы зерттеуіне сүйенеді. Алайда Stopfake.kz зерттеу қорытындылары бұрмаланғанын айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желі қолданушылары ұжымдық иммунитеттің вакцинациямен байланысы жоқ деген ақпаратты таратып жатыр. Олар доктор Артур Хедричтің 1932 жылғы зерттеуіне сүйенеді. Алайда Stopfake.kz зерттеу қорытындылары бұрмаланғанын айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Telegram-арнадағы сілтеме "Медальтернатива.инфо" сайтына және "Ұжымдық иммунитет теориясының вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ" деген ақпаратқа апарады. Автордың пікірінше, доктор Артур Хедричтің АҚШ-тың жекелеген аймақтарында қызылша ауруы туралы зерттеуінің қорытындысы бұл тақырыпқа дәлел.

"Жұқпалы ауруға шалдыққан және оған табиғи иммунитеті қалыптасқан ұжым (қауымдастық) мүшелері неғұрлым көп болса, аурудың бүкіл ұжымға (қауымдастыққа) тигізетін қаупі соғұрлым аз болады".

Автор кейіннен бұл тұжырым былай бұрмаланған деп санайды:

"Топ мүшелері жұқпалы ауруға қарсы қаншалықты көп вакцинацияланса және оған қарсы иммунитет пайда болса, аурудың бүкіл ұжымға (қауымдастыққа) тигізетін қаупі соғұрлым аз болады".

"Айла-шарғыны байқадыңыз ба? Аяқ астынан жұқпалы аурумен байланыстың маңыздылығы жойылып, вакцинациямен алмастырылды, табиғи иммунитеттің маңызытөмендеді", - делінген әлеуметтік желілерде таратылған хабарламада.

"Шын мәнінде, Хедричтің 1930-1932 жылдары жарияланған бақылаулары мен тұжырымдары ғалымдарды қызылшаны жеңу үшін вирусқа қарсы иммунитеті бар популяцияны көбейту керек деген ойға итермеледі. Кейіннен қызылшаға қарсы бағдарлама әзірленді, оған нәрестелерді жоспарлы иммундау және мектепке қабылданған кезде балаларды иммундау кірді. Әрине, Хедричтің есептеріндегі тұжырымдар өзгерген жоқ. Бұл манипуляция", - делінген Stopfake.kz сайтында.

Хабарламадағы тағы бір тезис:

"Хедричтің ұжымдық иммунитет теориясы вакцинадан қалыптасқан жасанды иммунитет табиғи иммунитетке ұқсас деген мифпен бұрмаланған, бұл дұрыс емес".

Ұжымдық иммунитет ұғымына келетін болсақ, бұл термин халықтың басым бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған жағдайды сипаттау үшін қолданылады. Ұжымдық иммунитет табиғи түрде пайда болады немесе вакцинация арқылы қалыптасады. Екінші түрі жоғары жұқпалы вирустармен, мысалы, қызылша вирусымен күресу үшін қажет. Бір науқастан індетті 12-18 адам жұқтыруы мүмкін. Ғалымдардың көпжылдық зерттеулері қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін халықтың 95 пайызы егілуі тиіс екенін көрсетті.

COVID-19 қызылшаға қарағанда аз жұғады, бірақ өлім деңгейі жоғары. Кейбір ғалымдардың пікірінше, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 60-70 пайызында антиденелер болуы керек.

"ДДҰ ауруды халық арасында тарату арқылы емес, вакцинация арқылы "ұжымдық иммунитетке" қол жеткізуді қолдайды, өйткені бұл ауру жұқтыру жағдайларына және өлімге әкелуі мүмкін", - делінген ДДҰ сайтында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети