Желіде коронавирус туралы видео арқылы банк мәліметін ұрлайтындар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде коронавирус туралы видео арқылы банк мәліметін ұрлайтындар пайда болды

Алаяқтар COVID-19 туралы жалған видеолар арқылы банк деректерін қолды қылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anti-Malware.ru сараптау орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар COVID-19 туралы жалған видеолар арқылы банк деректерін қолды қылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anti-Malware.ru сараптау орталығына сілтеме жасап. 

"Grandoreiro компаниясы коронавирус пандемиясы кезінде жұмысын қолға алды. Кибералаяқтар желі қолданушыларының қаржылық ақпараттарын қолды қылатын қауіпті бағдарламаны тарату үшін COVID-19-ды пайдаланып жатыр", - делінген хабарламада. 

Сараптама орталығының мәліметінше, бұған дейін Grandoreiro дәстүрлі тәсілмен жұмыс істеген: қауіпті спам-хабарламаларды таратып, Java не Flash бағдарламаларының жалған жаңартылған түрімен таратқан. 

Алайда енді алаяқтар SARS-CoV-2 туралы "құпия ақпарат" тарататын видеолар арқылы жасырын жұмыс істейді екен. Мұндай роликтерді алаяқтар жалған сайттар арқылы таратады. Видеоны қоспақ болған адамның компьютеріне бірден қауіпті бағдарлама жүктеледі. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети