Желіде Қостанай әуежайындағы ноу-хау Қазнетті күлдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қостанай әуежайындағы ноу-хау Қазнетті күлдірді Видеодан алынған кадр

Қостанай әуежайында қар жауғанына қарамай жолаушылар жүктерін жүктиегіштен тікелей түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай әуежайында қар жауғанына қарамай жолаушылар жүктерін жүктиегіштен тікелей түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қостанай әуежайында түсірілген видео таралды. Видеодан адамдар жүктерін жүк беру лентасынан алудың орнына, көшеде жүктиегіштен алып жатқанын көруге болады. Жолаушылар таңғалып, көбі телефондарына түсіріп алған.

"Әуежайда кеңес заманындағы заттар әлі тұр. Ал біз Шымкент әуежайын сөгеміз, бірақ ол әуежай соңғы технологиямен жабдықталған. Ең бастысы, жүктерін далада күтпейді. Ал мұнда жүктиегіштен жүкті табудың өзі бір жұмыс", - деп желі қолданушылары жарияланған видео туралы өз ойларын жазып жатыр.

Әуежай басшылығы ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан осындай қиындықтар болғанын айтты. 

"Бізде негізгі терминалды қайта құру жұмыстары жүріп жатқандықтан, уақытша жүктиегіштен бердік. 16-сы күні бірінші желі іске қосылды және технология бойынша багаж беру үшін келу залына барамыз", - деп хабарлады "Қостанай" халықаралық әуежайының директоры Юрий Ким.

Әкім Архимед Мұхамбетов есеп беру кезінде әуежайды қайта жөндеуге байланысты жолаушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети