Желіде қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті түсірілген видео тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті түсірілген видео тарады видео кадры

Әлеуметтік желіде қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Өскемендегі сауда орталығында болғаны хабарланды. Видео дәретханада түсірілген, онда бір қыз екіншісін қатыгездікпен ұрады. Тағы бір қыз оқиғаның бәрін видеоға түсірген.

Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті растады.

"Тексеру жүргіздік. Бұл оқиға бір айдан аса уақыт бұрын – биыл 1-2 наурызда болған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бір топ адамдар жасаған бұзақылық") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство өкілдері тергеу аясында егжей-тегжейлі ақпарат жарияланбайтынын айтты. Оқиғаға қатысушылардың бәрінің жеке басы анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети