Желіде Лондонда III Чарльздің тәж кию рәсіміне қатысқан Ерлан Қошановтың фотосы тарады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың Ұлыбритания королі III Чарльздің тәж кию рәсіміне қатысқан суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың Ұлыбритания королі III Чарльздің тәж кию рәсіміне қатысқан суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы тәж кию рәсімінен түсірілген суретті Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Сағиба Гафарова Twitter-дегі парақшасында жариялады.

"Лондондағы Вестминстер аббаттығында Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов және Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Сардор Өмірзақовпен Ұлыбритания королінің таққа отыру рәсімі кезінде", - деп жазды Гафарова суретке.

Еске сала кетейік, Қазақстаннан Ұлыбритания королі III Чарльздің таққа отыру рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. III Чарльз бен королева Камилланың тәж кигізу рәсімі патшайым Елизавета II қайтыс болғаннан кейін сегіз айдан кейін Вестминстер аббаттығында 6-мамырда өтті.

Шараға 2 мыңға жуық қонақ қатысты, бұл Елизавета II-нің таққа отыруына қатысқандардың төрттен бірі ғана. Бұл тізімге корольдік отбасы мүшелері, шетелдік мемлекет басшылары мен құрметті қонақтар, ұлыбританиялық саяси көшбасшылар кіреді.

Тәж кию кезінде Чарльз 74 жаста болды, сондықтан ол монарх тағына отырғандардың ең жасы үлкені болды. Король өз антында Ұлыбританияны және Достастықтың 15 елін басқаруға, ол елдерде өзі мемлекет басшысы. Сонымен қатар, заңды және әділдікті мейірімділікпен орындауға уәде берді.

Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 2022 жылы 8 қыркүйекте 96 жасында Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды. Оның ұлы ханзада Чарльз автоматты түрде патша болды және Чарльз III деген есімді алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer