Желіде "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген құжат тарап кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген құжат тарап кетті © lada.kz

YNTYMAQ кәсіподағының төрағасы Асқар Қойшыбай Facebook-парақшасында "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС қызметкерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген құжатты жариялап, бұл мәселеге байланысты Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

"Басшыларымыз өздеріне тоқсандық премия аямай алады екен, біздерге жұмысшыларға болса 15 мың теңге береді. Әділдік қайда сонда? Арбитраж комиссиясының келісімі бос сөз болғаны ма?!", - дейді Асқар Қойшыбай.

Құжатта қызметкерлерге сыйақы 217 430 теңгеден 1 169 000 теңгеге дейін берілетінін көруге болады.

Басылым бұл мәселеге қатысты кәсіпорын өкілдерінен жауап алатынын жазған.

Айта кетейік, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" - Маңғыстау облысында энергиямен жабдықтаудың ірі көзі саналатын көпсалалы энергетикалық кәсіпорын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети