Желіде Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицейдің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицейдің видеосы тарады Фото: Тұрар Қазанғапов

Желіде Павлодар облысындағы блокбекетте полицейдің ақша сұрап тұрған сәті түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Павлодар облысындағы блокбекетте полицейдің ақша сұрап тұрған сәті түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан полиция қызметкерінің Германиядан Семейге келе жатқан жүк көлігі жүргізушісінен темекіге ақша қалдырып кетуін сұрағаны көрінеді.

Павлодар облысының полиция департаменті бұл жағдайды растады.

"2020 жылдың 12 сәуірінде Теlegram әлеуметтік желісінде Германиядан Семейге келе жатқан жүк көлігі жүргізушісінің Екібастұз ауданы Шідерті ауылындағы № 4 санитарлық блокбекетте тексерістен өтіп бара жатқаны түсірілген видео жарияланды. Павлодар облысының Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасын қызмет тергеу жүргізеді", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Оның айтуынша, видеодағы полицей жұмыстан босатылып қана қоймай, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Облыстың бас полицейі мұндай қызметкерлердің полицияда жұмыс істемеуі керегін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети