11 қазан 2022 08:34

Желіде ресейлік нөмірлі көліктегі жолаушылардың әрекеті түсірілген видео тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау көшелерінде ресейлік нөмірлі көліктегі жолаушылар бейәдеп қылық көрсеткен. Олардың әрекетіне желі қолданушылары наразылық танытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау көшелерінде ресейлік нөмірлі көліктегі жолаушылар бейәдеп қылық көрсеткен. Олардың әрекетіне желі қолданушылары наразылық танытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі @atyrauoil.official парақшасында жарияланды. Видеодан Kia Sorento көлігінің екі жолаушысы жол ережесін бұзғаны көрінеді. Олар көлікті басқарып келе жатып, алкогольдік ішімдікке ұқсайтын сусын ішіп, көліктен денелерін шығарады. Тіпті видеода сусында екі ер адамның бір-біріне беріп жатқаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН | 06 🌷 (@atyrauoil.official)

Желі қолданушылары көліктің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін де байқапты. 

Полиция көлік табылып, айыппұл тұрағына қойылғанын, жүргізуші мен жолаушыларды іздестіріп жатқандарын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желіде жүріп келе жатқан Kia Sorento көлігінен шығып, алкогольдік ішімдік ішкен адамдардың видеосы тарады. Бұл дерек бойынша дереу патрульдік полиция бөлімшелері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған көліктің жүргізушісі мен жолаушыларын анықтап, іздестіріп жатыр. Ұсталғаннан кейін еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", -  деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети