Қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы "Спутник-V" вакцинасының клиникалық сынақтары кезінде қайтыс болғандар туралы хабарлама таратып жатыр. Пайдаланушылар Telegram чаттарында кенеттен көз жұмған төрт ерікті туралы хабарлайды, бұл құпия мәліметтер "жайылып кеткеннен" кейін ғана мәлім болғаны айтылады. Stopfake.kz ақпарат жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада 51, 69 және 74 жастағы қайтыс болған әйелдер туралы айтылады. Марқұм болған төртінші адамның жеке басы туралы мәліметтер жоқ. Бірақ сынаққа қатысушылардың қалай өлгені туралы ақпарат бар. "Ол көшеде келе жатып құлаған, денесі құрысып, аузынан көбік шыққан, беті көгеріп, есінен танып қалды", - деп сипатталады әйелдердің бірінің өлімі.
Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. ҒЗИ аға вирусологы Денис Логуновтың айтуынша, вакцинаның клиникалық сынақтары кезінде 51 жастағы әйелдің өлімі тіркелгені рас, бірақ тергеу нәтижелері өлімнің препаратты егумен байланысты емес екенін көрсетті. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Алексанр Гинзбург хабарламада айтылған басқа үш кісінің қайтыс болғаны туралы ақпарат фейк екенін мәлімдеді.
"Қазіргі кезде бұл препарат бойынша үлкен фармакологиялық қадағалау ұйымдастырылды. Бірақ, менің білуімше, вакцинаны азаматтық айналымда қолдануға байланысты қосымша жанама әсерлер жоқ - дозалар саны 10 миллионға жақындады немесе одан асты. Бұл вакцинаны сынаудың бірінші, екінші және үшінші кезеңдерінен кейін онда жанама әсер ретінде ештеңе табылған жоқ", - деді ол.
Stopfake.kz қорыта айтқанда, вакцинаны әзірлеушілер жасырған өлім туралы хабарламалар күмәнді екенін мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!