Желіде "судьялар мен прокурорлардың" видеосы тарады: Істің мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "судьялар мен прокурорлардың" видеосы тарады: Істің мән-жайы анықталды Видеодан скрин

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі Желіде судьялар мен прокурорлардың карантин кезінде бірге саунаға барғаны түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі Желіде судьялар мен прокурорлардың карантин кезінде бірге саунаға барғаны түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БАҚ және әлеуметтік желіде судьялар мен прокурорлардың карантин кезінде бірге саунаға барғаны туралы видео тарап жатыр. Осыған байланысты түсініктеме беру керек деп есептейміз. Бізге видеоны Б. есімді ер адам түсіргені белгілі. Оның сот жүйесіне еш қатысы жоқ. Бұл ақпаратқа қатысты қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Нәтижесін міндетті түрде жариялаймыз", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Сондай-ақ соттағылар осыған байланысты алдын ала қорытынды шығармауды және ресми дереккөздердің ақпаратына сенуді сұрайды.

"Жігіттер, бүгін маған Жаркенттен ағам Саян келді, демалып жатырмыз. Барып іштік, енді оны баняға әкелдім. Міне, менің баням, мынау, сот төрағасы. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жігіттері, Алматы мен Астанадағы ғана демалып жатыр деп ойламаңыздар, біз де демаламыз. (...) Колхозда тұрсақ та, демала аламыз", - дейді видео авторы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети