Желіде Сымбат Құлжағарованың өлімінен кейін петиция пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Сымбат Құлжағарованың өлімінен кейін петиция пайда болды © facebook

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйден секіріп өлген 29 жастағы Сымбат Құлжағарованың оқиғасынан кейін Желіде Қазақстан Президенті мен республика парламентіне арналған петиция пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйден секіріп өлген 29 жастағы Сымбат Құлжағарованың оқиғасынан кейін Желіде Қазақстан Президенті мен республика парламентіне арналған петиция пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан әйелдеріне қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық" атты петиция авторлары бірқатар талап қойып отыр. Атап айтқанда, "дәлелдемелерді жинау және психологиялық зорлық-зомбылық, экономикалық, діни зорлық-зомбылық, қудалау, қорқыту, бопсалау, отбасы мүшелеріне мәжбүрлеп несие рәсімдеу деректерін анықтау бойынша жедел шаралардың мемлекеттік стандартын әзірлеу" ұсынылды.

Белсенділер "ұрып-соғу" және "денсаулыққа жеңіл зиян келтіру" баптарын қылмыстық құқық бұзушылық санатына ауыстыруды талап етіп отыр. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігін де тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық құрбанын жеке статистика мен картотекаға енгізуді міндеттеп отыр. 

Facebook-тегі Немолчиkz парақшасында да Сымбат Құлжағарованың өліміне қатысты әділ тергеу жүргізу туралы өтініш пайда болды. Қыздың туыстары мен достары оның өз-өзіне қол жұмсағанына және өлімі үшін ешкімді кінәламайтынын хатқа жазғанына сенбейді.

Еске салайық, Сымбат Құлжағарова 9-10 желтоқсанға қараған түні биіктен құлап, қаза болды. Қыздың мәйіті Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешенінің бірінің маңында табылды. Полиция денені тексеру кезінде қайтыс болған адам ешкімді кінәламайтынын жазған хатты тапқан. Бұған дейін астаналық келіншекті күйеуі аяусыз ұрып, балаларын тартып алғаны белгілі болған.

© lada.kz

2013 жылы Сымбат Құлжағарова "Ұлыбританиядағы Қазақстан аруы" атанған болатын. Ол кезде бойжеткен Лондонда MBA бағдарламасы бойынша оқып жүрген. Сымбат - Ақтау тумасы, Экономикалық лицей мен KIMEP университетінің түлегі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети