11 сәуір 2022 | 09:32

Желіде тарап кеткен қандай деректерді дереу өзгерту керек? Сарапшы жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pixabay Иллюстрациялық фото: pixabay

Жеке деректер Желіде тарап кеткен жағдайда қандай деректерді шұғыл өзгерту керек екенін ресейлік киберқауіпсіздік және алаяқтықпен күрес жөніндегі сарапшы Алексей Сизов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Радио Sputnik" сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жеке деректер Желіде тарап кеткен жағдайда қандай деректерді шұғыл өзгерту керек екенін ресейлік киберқауіпсіздік және алаяқтықпен күрес жөніндегі сарапшы Алексей Сизов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Радио Sputnik" сайтына сілтеме жасап.

"Көпшілігімізде аты-жөніміз, телефон нөмірлеріміз, тұратын жеріміз және т.б. ақпараттар қаскөйлерге қолжетімді болуы мүмкін деген ой болуы керек. Кейде деректердің тарап кетуі ондаған жыл бойы пайдаланып жүрген телефон нөмірді өзгертуге себеп болмайды. Біз өзіміз де бұл ақпаратты әртүрлі ресурстарға жиі қалдырамыз", - деді Алексей Сизов.

Бірақ кейбір деректер тарап кеткен жағдайда міндетті түрде өзгертілуі керек, дейді сарапшы.

"Пошта жүйесі деректеріне қауіп төнген жағдайда, оның да, сол логин ақпараты қолданылатын басқа қызметтердің де құпиясөзін өзгерткен дұрыс. Қаржылық зиян келтіруі мүмкін деректерді мұқият бақылау керек. Мұндай деректер базасында (ұрланған жеке ақпарат - еск.) банк карталары немесе басқа банк деректемелері, соның ішінде құпиясөздер туралы деректер болса, оны дереу өзгерту керек", - деп кеңес береді Алексей Сизов.

Ірі компанияларда да жеке деректердің тарап кеткен жағдайлары бар. Сизовтың айтуынша, мұндай компаниялар бұл туралы өз тұтынушыларына хабарлайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети