Желіде ТЖ режимінің 24 шілдеге дейін ұзаратыны туралы видео пайда болды 04 мамыр 2020, 08:23

Желіде төтенше жағдай режимінің 24 шілдеге дейін ұзартылғаны туралы "Хабар 24" телеарнасындағы сюжет үзіндісі пайда болған. Видео кесілген болып шыққан. Сюжеттің толық нұсқасында Франциядағы ТЖ режимін ұзарту туралы айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео 11:35 минуттан басталады.
Француз парламенті коронавирус пандемиясына байланысты қабылдаған шаралар 24 наурыздан бастап күшіне енген. Бұл режим екі айға қабылданған, яғни, 24 мамырға дейін. 28 сәуірде Франция премьер-министрі Эдуар Филипп 11 мамырда аяқталуы керек болған карантин режимі туралы заң күшін ұзартуды ұсынған.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурызда жарияланған. Ал 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ режиімін 11 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!