Желіде Түркістан облысындағы су тасқынының видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Түркістан облысындағы су тасқынының видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде тараған видеолардың бірінде қатты су тасқыны көлікті және көлік төбесінде отырған адамдарды ағызып бара жатқанын көруге болады. Видеоның Монтайтас ауылында түсірілгені айтылған.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, толассыз жауған жауын-шашын және таулы аймақтардағы қардың еруінен 2 ақпанда таңертең су деңгейі көтерілген. Соның салдарынан Кентау мен Түркістан қалаларында, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аулалар мен көшелерді су басты.
"Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуының алдын алу мақсатында жаңбыр суын сору және ағызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 50-ден аса құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Түркістан облысындағы Отырар, Сауран аудандары мен Сырдария өзенінің бойында орналасқан Арыс қаласының аумағына аэровизуалды түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында өзенге жақын орналасқан елді мекендер мен су қоймаларының жағдайы бақыланады.
"Қазіргі уақытта облыстағы су қоймаларының деңгейі қалыпты, барлық су қоймаларының жай-күйін бақылайтын облыстық су тасқынына қарсы комиссия құрылды", - деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігі.
Таулы аймақтағы (Кентау, Түлкібас, Қазығұрт, Төле би, Сайрам) ағып жатқан өзендерде барлығы 105 су тасқыны мен сел қауіпті учаскелері есепке алынды, осы аумақтарда 46 елді мекен орналасқан.
Облыстың құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!