Желіде вакцина алғандар туралы тағы бір фейк тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде вакцина алғандар туралы тағы бір фейк тарады Фото ©РИА Новости

Telegram мессенджерінде неміс ғалымдары вакцина алған адамдардың қанында "руло эффектісі" болатынын анықтағаны туралы хабарлама тарады. Бұл адамның ауру екенін көрсетеді. Бұл қандай эффект және хабарлама неге жалған екенін stopfake.kz жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram мессенджерінде неміс ғалымдары вакцина алған адамдардың қанында "руло эффектісі" болатынын анықтағаны туралы хабарлама тарады. Бұл адамның ауру екенін көрсетеді. Бұл қандай эффект және хабарлама неге жалған екенін stopfake.kz жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Портал мәліметінше, "руло эффектісі" деген ұғым жоқ. Руло – бұл эритроциттердің агрегациясы аталатын процесте пайда болатын эритроциттер жиынтығы. Бұл эритроциттерді ірі ақуыздар немесе плазма полимерлері бар су ерітінділерінде суспендирлеу кезінде болады. Эритроциттер агрегациясы адамда аурудың барын көрсете алса да, қайтымды процесс саналады. Яғни, егер бұл құбылыс адамның қанынан анықталса, бұл оның өлім аузында екенін білдірмейді.

"Эритроцит топтарының ағзада пайда болуының нақты себептері әлі белгісіз. Сондай-ақ, ғалымдар рулоның тромбтардың қалыптасуында қандай рөл атқаратыны туралы ортақ пікірге келген жоқ.

Эритроциттер агрегациясы COVID-19-ға қарсы вакцина алуға байланысты емес және бұл аурудан иммундауға арналған препараттарды ойлап тапқанға дейін белгілі болған", - деп жазды портал.

Коронавирусқа қарсы егілген барлық адам эритроциттер агрегациясы тіркелетіні туралы сенімді ақпарат жоқ.

Портал мәліметі бойынша, AstraZeneca шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинадан тромбтар пайда болатыны айтылды. Алайда, кейінірек неміс ғалымдары мәселенің түп тамыры да, оны шешу жолдары да табылғанын мәлімдеді. 

Бүгінде бұл вакцина әлемнің 121 елінде қолданылады. Бұл препарат Қазақстанға әкелінген жоқ. Демек, вакцина алған адамдар өлімге әкелетін аурулардан зардап шегеді деген пікірлер - фейк, деп жазды портал.

"Біріншіден, эритроциттер агрегациясы қайтымды процесс. Екіншіден, рулоның неге пайда болатыны туралы ортақ пікір жоқ. Үшіншіден, олардың вакцина алған адамдардың қанында болатыны дәлелденбеген және вакциналардан туындаған емделмейтін аурулар дәлелі бола алмайды", - делінген порталда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети