Желіде видеосы тараған "прокурордың әйелі" кім екені анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде видеосы тараған "прокурордың әйелі" кім екені анықталды Видео кадры

Шымкент полицейлері күзетшімен жанжалдасқан әйел кім екенін анықтады. Желіде ол "прокурордың әйелі" екені айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент полицейлері күзетшімен жанжалдасқан әйел кім екенін анықтады. Желіде ол "прокурордың әйелі" екені айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде "Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге қоқан-лоқы жасады" деген ақпарат тарап жатыр. Осы дерек бойынша 19 шілдеде Шымкент Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына "Күзет" қызметкерінен 15 шілдеде сағат 14.00-де ЖШС ғимаратында күзетшілерге тіл тигізіп, қорлаған белгісіз қызды жауапкершілікке тарту туралы арыз түскен.

"Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады. Ол - 1984 жылы туған жергілікті тұрғын, бұрын Д.-ға тұрмысқа шыққан, ал ол прокуратура қызметкері емес. Қазір әйел ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды", - деп түсіндірді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды.

Еске салайық, бұған дейін Желіде "прокурордың әйелі" мен күзетші арасындағы жанжал видеосы тарағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети