1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн аса суымайды.

"Республиканың басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы климаттық нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде нормадан 1 градусқа төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде 1 градус жылы болады. Жауын-шашын мөлшері ҚР аумағының басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп, ал республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан аз болады.

Оңтүстік циклонның шығуымен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, оңтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыртүрінде) тұман, көктайғақ, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массаларының ағынымен республиканың басым бөлігінде қалыпты аязды ауа райы күтіледі", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Осыған байланысты ауа температурасы ауытқуы мүмкін:

батыста, солтүстік-батыста түнде 3...13 аяздан 8...15 аяз, оңтүстік-батыста 3 аязға, күндіз 2 аяз...3 жылы, оңтүстік-батыста 8 жылыдан 2...10 аязға дейін;

оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3...8 жылы, кей жерлерде 5 аяздан 5...13 аязға, күндіз 5...15 жылыдан 0...5 жылыға дейін;

республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5...15 аяздан 0...8 аязға, күндіз 3 аяз...5 жылыдан 2...12 аязға дейін.

Сондай-ақ. синоптиктердің мәліметінше, кезекті суық толқындары екінші және үшінші онкүндерде болжанады: оңтүстік-батыс жартысында түнде 10...20 аяз, күндіз 5...10 аяз, солтүстік-шығыс жартысында түнде 20...35 аяз, күндіз 10...20 аяз.