24 қазан 2014 | 12:56

Жемқорлық оқиғаларынан соң Қарағанды облысы әкімдігінде көп жұмыс орны босады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрмұхамбет Әбдібеков. ©karsport.kz Нұрмұхамбет Әбдібеков. ©karsport.kz

Қарағанды облысында жемқорлық деректерінен кейін мемлекеттік қызметте көп бос жұмыс орны пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында жемқорлық деректерінен кейін мемлекеттік қызметте көп бос жұмыс орны пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке сілтеме жасап. 

"Біз қазір әр апта сайын бір кадрлық шешім қабылдауға тура келетін жағдайда отырмыз. Олардың 10 пайызы жаңарды және 50 пайызы жаңартылады, қиын. Қандай процестер жүріп жатқанын білесіздер, бізде қала әкімі де ауысты. Қала әкімдігінде қазір 30-ға жуық бос жұмыс орны бар, өйткені құрам жаңартылып жатыр. Мемлекеттік қызметке алыну рәсімдері уақыт жағынан ұзаққа созылатын процесс екенін білесіздер", - деді Әбдібеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Tengrinews.kz тілшісінің "Өңірдегі жемқорлық деректерінен кейін әкімдік құрамы қаншалықты жаңарды?" деген сауалына.

Еске сала кетейік, осы жылдың қыркүйегінде өңір басшысы Бауыржан Әбдішевтің қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталғанынан кейін облыста жемқорлыққа қатысты дау-дамай туды. Бұдан кейін Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, жер қатынастары бөлімінің бастығы Ернар Дәрібеков тұтқындалды. Тергеу күдіктілер ретінде Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Мұхтар Адамбековті, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің бастығы Айдос Жәкеновті және қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Марлен Шалтақовты ұстады.


 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети