Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар 10 миллион теңгеге дейін алуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар 10 миллион теңгеге дейін алуы мүмкін © Тұрар Қазанғапов

Енді жаңа жүйе бойынша жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар параның 10 пайызы мөлшерінде сыйақы ала алады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шпекбаевтың айтауынша, мұндай шешім таяуда үкіметте қабылданған. 

"Енді сыйақы мөлшері ЭЫДҰ елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның 10 пайызын ала алады", - деді ол.

Шпекбаев сыйақы мөлшері 10 миллион 600 мың теңгеге жететінін айтты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети