1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жемқорлыққа қарсы бірінші медиаорталық төрағасы қайтыс болды 04 наурыз 2021, 09:14

Жемқорлыққа қарсы бірінші медиаорталық төрағасы Төлеген Байғұлов коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Жемқорлыққа қарсы бірінші медиаорталық төрағасы Төлеген Байғұлов коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы хабарды Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Facebook-тегі парақшасында естіртті.

"Иманды болсын! Қайтпас қайсар, патриот жан еді. Бүгін сұмырай COVID-тен қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиаорталықтың төрағасы, республикалық "Адалдық алаңы" кеңсесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жәннәтта болсын, - деп жазды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төлеген Байғұловтың отбасына қайғырып көңіл айтты.

Төлеген Байғұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиаорталықтың төрағасы және "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту бойынша іргелі жұмыстар атқарды. Азаматтық ұстанымы жоғары қоғам белсендісі ретінде қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысып, елдің игілігіне қызмет етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі жобаны іске қосып, "Адалдық алаңының" жалпыұлттық қозғалысқа айналуына үлес қосты. Ол пандемия кезіндегі қауіп-қатерге қарамастан, бекеттерге, ауруханалар мен дәрі-дәрмек қоймаларына мониторинг жасап, қиын кезеңде халықпен бірге болды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!