Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Отырыста екі мәселе талқыланды: "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды уәкілетті мемлекеттік органдардың орындау нәтижелері туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру және тәрбиелеу мәселелері".
"Биыл "2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын" іске асыру кезінде іс-шаралар жоспарының 37 тармағы сапасыз орындалғаны (Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі), мерзімдердің бұзылуы (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Әділет министрлігі және Жоғарғы Сот), сондай-ақ, жоспарда қойылған міндеттерді түпкілікті іске асыру кезіндегі өзге де кемшіліктер (Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі) аталып өтті", - делінген хабарламада.
Өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталық деңгейде 10 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, өңірлік деңгейде - 226 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудан өткізді. Олардың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы 2096 ұсыныс енгізілді, соның шеңберінде 800-ден астам ұйымдастыру шаралары қабылданды, 63 нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер жасалды.
Сонымен қатар ұсынымдарды іске асыру кезінде проблемалық мәселелер бар. Көбінесе ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бір мемлекеттік органның өкілеттігінің шеңберінен шығып, оны шешудің ұзақтығын туындататын фактілерге қатысты.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институтын пайдалану кезінде белсенді жұмыстың жоқтығы айтылды. Мәселен, соңғы 4 жылда мемлекеттік органдар мен ұйымдар 10 мыңнан астам осындай талдаулар жүргізді, бұл ретте тек 175 жағдайда немесе 2% тәуекелдерді жою бойынша ұсынымдар қалыптасты.
"Әдетте талдаулар қорытындысы бойынша анықтамалар формальді түрде, кезекті ұсынымдарды шығару арқылы жасалады немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқтығы мүлде нақтыланады. Бірқатар мемлекеттік органдар (Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі мининстрлігі, мәдениет және спорт министрлігі, ұлттық экономика министрлігі, сыртқы істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, қорғаныс министрлігі) бұл жұмысты 2016 жылдан бастап жүргізбеген", - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру және тәрбиелеу мәселелері жеке мәселе ретінде қаралды, оның ішінде жекелеген элементтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың бір келкі еместігі атап өтілді.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің үйлестіруші рөлін пайдалана отырып, білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін қабылдау қажеттілігіне назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны өз деңгейінде іске асыруды ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ, Мемлекет басшысының талаптары аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде тапсырма берді.