24 қаңтар 2014 | 17:36

Жемқорлыққа қарсы үздік жұмыстар марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Отан" партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық қоғамдық кеңесінің жалпы отырысы қылқалам шеберлерінің үздік туындыларын марапаттады. Партияның жетекшілігімен ұйымдастырылған байқауға еліміздің әр өңірінен суретшілер жемқорлыққа тосқауыл қоюды көксейтін еңбектерін ұсынған. Бұл байқау 2013 жылы жемқорлыққа қарсы қоғамдық көзқарасты қалыптастыру үшін оған төзбеуге қарсы мақсатта ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осы бойынша он төрт аймақ бойынша 41 жұмыс іріктеліп алынып, екінші кезеңге 8 жұмыс қана жіберілді. Мәжіліс депутаты Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен өткен жиында үздік шыққан суретшілер арнайы дипломдарына ие болды. Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шынайы суреттей алғандар арасынан бірінші орын "Пара ұсыну - қылмыс" суреті үшін Мақсат Әміржанұлына (Алматы), екінші орын Юрий Куге ("Ұсынбаймыз", Қарағанды) бұйырып, үшінші орынды солтүстікқазақстандық Николай Нұрқанов (Жемқорлық - жоқ) иеленді. Марапаттау кезінде жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының қоғамда жүргізілуі туралы қорытынды жасалған болатын. "Партияның сенім телефондарына былтыр жемқорлыққа қатысты мыңнан астам қоңырау шалынды. "Өзіңнен баста" акциясы аясында партияның 3046 мүшесі, Парламент пен мәслихат депутаттары, министрлік пен құрылым басшылары, облыс, қала, аудан әкімдері жеке табыстары туралы жария еткен. "Жемқорлыққа - жоқ" акциясы ел бойынша 80 астан жерде ұйымдастарылды", - дейді Мәжіліс депутат Қайырбек Шошанұлы. "Нұр Отан" партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық Қоғамдық кеңесінің төрағасының айтуынша, былтыр лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері мен түрлі деңгейдегі соттардың заңсыз шешімдеріне қатысты 4243 шағым түскен. Оның 26 пайызы ІІМ құрылымдарына, прокуратура, қаржы полициясына бағытталса, 41 пайызы тікелей сот шешіміне қатысты. Ал қалған бөлігі мәслизат депутаттары мен әкімдердің заңсыз әрекеттерін әшкерелеген хат болып отыр.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети