Жемқорлыққа қарсы ведомство бос қызмет орындарына байқау жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері бос және уақытша бос әкімшілік лауазымдар мен құқық қорғау қызметін іске асыратын лауазымдарды иеленуге байқау жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері бос және уақытша бос әкімшілік лауазымдар мен құқық қорғау қызметін іске асыратын лауазымдарды иеленуге байқау жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Байқауда үміткерлердің заңнамаларды қаншалықты меңгергенін тексеру, медициналық тексеріс, әңгімелесу сияқты жалпы белгіленген рәсімдерден бөлек, олардың жеке құзыреттерін сынау және полиграфологиялық зерттеуден өткізу кезеңдері де болады. Құқық қорғау қызметін іске асыратын лауазымдар үшін құжаттар бес жұмыс күні ішінде, ал әкімшілік лауазымдарға он жұмыс күні ішінде тапсырылуы керек. 

Айта кетейік, құжаттарды әкеліп тапсыруға да, электронды поштамен жолдауға да болады. Қажетті анықтамаларды 8(7172) 90 90 31, 90 91 93, 90 90 29 телефон нөмірлеріне хабарласып алуға болады, аумақтық бөлімшелердің нөмірлері хабарландыруда көрсетіледі. Үміткерлермен бірге полиграфологиялық зерттеуден мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының бастапқы қызметін қамтамасыз ету үшін сынаққа конкурстан тыс жіберілген қызметкерлер де өтеді.

Еске сала кетейік, осы жылдың тамыз айында Үкімет қайта жасақталып, қаржы полициясы таратылған болатын. "Қаржы полициясының сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен заңбұзушылықтарын ескерту, анықтау, жолын кесу, әшкерелеу функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне беріле отырып, өзі таратылады. Ал оның экономикалық және қаржылық заңбұзушылықтар мәселелері Қаржы министрлігіне беріледі", - деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer