20 ақпан 2014 19:46

Жемқорлықпен күрес көркем шығармалар байқауына өзек болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

"Нұр Отан" партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес үш жаңа байқау жариялағалы отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz, олар: үздік журналистік тексеріс, үздік ғылыми жұмыс және үздік көркем шығарма. Қоғамдық кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Қайырбек Сүлейменов соңғы кездері жемқорлық тақырыбындағы көркем шығармалар пайда болғанын атап өтті. "Білесіздер ме, Ақтөбеде жаңа Агата Кристи пайда болды, оқыдыңыздар ма? Ол егде жаста, сыбайлас жемқорлық тақырыбында детектив жазады, ол бүгінге дейін төрт кітап шығарған", - дейді ол. Сүлейменов ақтөбелік жазушы Зияш Телеуованы меңзесе керек. Кеңес төрағасы байқауда көркем фильмдерді де ынталандыруға болатынын айтты. Қазіргі уақытта байқау шарттары ойластырылып жатыр. Республикалық кеңес жемқорлыққа қарсы әрекет етуге "Ара" ("Шмель") журналын да қатыстырғалы отыр. Айта кетейік, бұған дейін кеңес мүшелерінің жемқорлықпен күрес тақырыбына арналған плакаттар байқауы нәтиже бермейді деген тұжырымға келгені, сол себепті одан бас тартқаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети