Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жемқорлықпен күрес пәні Қазақстан мектептеріне 2017 жылы енгізіледі

02 Ақпан 2015, 19:04
14
Иллюстрация. ©Tengrinews.kz
Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Қазақстан мектептері мен жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін қозғайтын пән 2017 жылы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметтен өту басқармасының жетекшісі Әсел Мұсағұлова айтып берді.

Ол қазіргі уақытта Қазақстанның білім беру мекемелеріне білім берудің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сабақтардың қажеттілігі туралы хаттар жіберілетінін айтты. Бастапқы кезде тоқсанда немесе семестрде бірнеше сағатқа есептелген тематикалық сабақтар болады. Ал жаңа оқу жылынан бастап (2015-2016 жылдар) мектептерде - "Адам және құқық", "Өзін-өзі тану", жоғары оқу орындарында - "Құқық негіздері" сияқты қоғамдық пәндердің аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сағаттарды қарастыру жоспарланып жатыр. 

"2016-2017 жылдардан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке пәнді енгізу туралы мәселені талқылаймыз. Себебі бұл мәселе білім беру нормаларын, сағаттарды және басқа жағдайларды қайта қарауды талап етеді. Яғни, әзірше қоғамдық пәндердің аясында ғана, ал одан кейін жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке пәнді енгізу туралы мәселе көтеріледі", - деді Мұсағұлова.

Ол жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарымен балабақшалардың да қамтылатынын атап өтті.

"Балаларда жақсы мен жаман туралы түсінік ерте бастан қалыптасады. Сондықтан дәл осы кезеңде оларға жемқорлықтың жаман екенін түсіндіру маңызды. Үлгімен тәрбиелеу маңызды. Бала үйде, мәселен әпкесінің "мен сессияны ақшамен жаптым" дегенін немесе әкесінің шешесіне: "баланы жұмысқа орналастыру керек, ақшасын төлейік" дегенін естісе, мұның барлығы қалыпты жағдай болып көрінеді; ал үйден тыс жерде мұның жаман екенін айтады, сөйтіп баланың санасында қарама-қайшылық туады. Сондықтан мемлекет осы кезеңде араласып, жемқолықтың қылмыс екенін, әлеуметтік зұлымдық екенін айту маңызды және ата-аналарға осыны жеткізіп айтып, егер болашақта баласы жемқор болмасын десе, оның санасында жақсы мен жаман туралы түсінік болсын десе бұл істі жұмыла жасайық", - деді ол.

Агенттік өкілдері мектепке дейінгі білім беру орындарында интерактив әдістерді - ойындарды, мульфильмдер мен комикстерді қолданбақ. Ал мектептер мен жоғары оқу орындарында дәріс оқу үшін, кормативтік-құқықтық актілерді түсінікті түрде түсіндіріп беру үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан бұл жағынан жаңалық ашып отырған жоқ. Бұған Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі негізге алынған. "Гонконгтың үлгісі өзгелерге қарағанда сәтті, олар 70-жылдардан бастап балабақшаларда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл пәнін енгізе бастады. Яғни олар әлеуметтік зұлымдыққа, феноменге қарсы пікірі қалыптасқан ұрпақты өсіру үшін жұмысты балалардың ерте жасынан бастады. Сәйкесінше жемісін көре бастады. Таяуда бір оқиға болды. Инкасатор көлігі аударылып, ақша жол бойына шашылды. Ал сол ақша сол орнында қайтарылды, яғни ол жақта жемқорлыққа қарсы тұру деңгейі сондай", - деді ол.

Әсел Мұсағұлова білім берудің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл формасы екенін айтады. Оның пікірінше, адам білімді болған сайын жемқор болу мүмкіндігі азая түседі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі агенттік мемлекеттік қызметкерлерге, кәсіпкерлерге, үкіметтік емес ұйымдарға, БАҚ-тарға және азаматтарға жемқорлыққа қарсы ағарту жөнінде оқыту және білім беру бағдарламаларын таратуды жоспарлап отыр. 

"Азаматтардың жемқорлыққа баратынының бір себебі, меніңше, өз құқығын, мемлекеттік қызметтің қалай көрсетілетінін білмеуінде жатыр. Мұнда мемлекеттік қызметтің қалай көрсетілетіні, қайда барып, қандай құжаттарды жинау керек екені жайлы мәліметті жеткізбегені үшін мемлекеттік органдар да кінәсі бар. Бұл мәліметті оңай таба алмайсыз. Осыған байланысты адамдардың ақпараттану деңгейін көтеруіміз керек", - деді Мұсағұлова.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (14)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай