Желіде "Альянс казахстанских СМИ" ЖШС басшысы Тоқберген Әбиевтің саунада түсірілген атышулы видеоға қатысты жолдаған видеоүндеуі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде "Альянс казахстанских СМИ" ЖШС басшысы Тоқберген Әбиевтің саунада түсірілген атышулы видеоға қатысты жолдаған видеоүндеуі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әбиев видеода өзі мен оның ұйымының қызметкерлері - "Ақтау қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті" қызметкерлері түсірілгенін айтты.
"Ақтау қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына еш қатысы жоқ. Біздің қоғамдық қауымдастығымыздың мемлекеттік орган емес екенін және әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеороликте "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері түсірілген" деген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын түсіндіргім келеді. Бұл видеоролик жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің беделін түсіру мақсатында немесе мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіру мақсатында түсірілген жоқ", - деп түсіндірді Тоқберген Әбиев.
Сондай-ақ, Әбиевтің айтуынша, "Альянс казахстанских СМИ" ЖШС құзыретті органдарға жасалған және енді дайындалып жатқан жемқорлық қылмыстар жайлы хабарлап отыру мақсатында құрылған.
"Осы видеоны жаза отырып, қоғамға, туыстарыма моншадағы оқиғаның сөзден жаңылысқан жағдай болғанын түсіндіргім келеді. Осы әрекетіммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының абыройына нұқсан келтірген болсам, кешірім сұраймын", - деді ол.
Еске салайық, мұның алдында әлеуметтік желілерде ер адамдардың саунада отырып, өздерін "жемқорлықпен күресуші" деп атағаны түсірілген видео тараған еді. Олардың біріне қызыл куәлік табыс етіледі.
"Бауырлар, саламалейкум. Бүгін Ақтау қалалық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке жаңа қызметкерді қабылдап жатырмыз. Ерік, біздің қатарға қосылып жатырсың. Енді жемқорлықпен күресеміз. Бүгін біз Ақтауда оның келіп жатқанын атап өтеміз. Алғашқы парамен құттықтаймыз", - дейді жартылай жалаңаш ер адам видеода. Осыдан кейін ол айғайлап күліп, екіншісіне қызыл куәлік тапсырады.
Ал кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері атышулы видеожазбаға қатысты пікір білдірген болатын.