Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының басшысы Любовь Худова қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының басшысы Любовь Худова қайтыс болды Фото: Facebook/atamekenkz

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Любовь Худова 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Facebook-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Любовь Худова 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Facebook-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұзақ аурудан кейін өз ісіне адал маман, өз ісінің жанашыры, тамаша, мейірімді, жанашыр да сезімтал адам, Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының тұрақты жетекшісі Любовь Николаевна Худова дүниеден өтті", - делінген хабарламада.

Любовь Худова еңбек жолын трикотаж өндірісінің инженер-технологы болып бастаған. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Любовь Худова көп жыл "Қазгипротехнолегпром" кәсіпорнында жұмыс істеген, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіптің болашақ мамандарына сабақ берген. "Сымбат" сән академиясына жетекшілік еткен.

20 жылдан астам Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығында белсенді қызмет атқарып, 2003 жылдан бастап оның басшысы болған.

"Оны әріптестері, студенттері, қауымдастық мүшелері және мемлекеттік орган өкілдері - өмірлік және кәсіби жолы тоғысқан барлық адам бағалайтын, құрметтейтін және жақсы көретін. Любовь Николаевна жоғары рухани-этикалық қасиеттердің иесі болды. Ол салаға риясыз қызмет етудің және кәсіпке адалдықтың үлгісі болып қала бермек.

"Атамекен" ҚР ҰКП ұжымы Любовь Худованың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - деді "Атамекен" палатасы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети