Жеңілдетілген автокөлік несиесін қалдыру неге мүмкін болмады? Вице-министр жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңілдетілген автокөлік несиесін қалдыру неге мүмкін болмады? Вице-министр жауап берді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автокөлік несиесін неліктен қалдыруға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автокөлік несиесін неліктен қалдыруға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспановтың айтуынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасының болуы бірінші кезекте қаражатқа негізделген.

Осыған дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта форматталатыны белгілі болды. Енді бұл өңірлерге автобус сатып алуға кредит беру бағдарламасы енгізіледі.

"Біріншіден, мәселе әрқашан құралдарға қатысты. Бағдарлама қайта форматталады. Себебі оның максималды міндеті - халықтың толық сұранысын қанағаттандыру керек. Ал халықтың сұранысы 9 миллионға жуық. Сондықтан көптеген адам автобустарды пайдаланады. Екіншіден, автонесие бойынша туындайтын барлық сұранысты қанағаттандыру үшін ол қаражаттың жетпейтінін түсіндік. Алатын адамдардың санына қарағанда, алмайтындардың саны басым және әрдайым көңілі толмайды. Басты себеп халықтың шұғыл сұраныстарын қанағаттандыру", - деп түсіндірді Оспанов.

Осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтқан еді.

Қазақстанда екі жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бар. Тек біреуі қайта форматталады. Бұл туралы осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов мәлімдеген болатын.

"Бізде автокөлік несиесі бойынша екі бағдарлама бар. Бірінші бағдарлама Қазақстанның Даму банкі арқылы, екіншісі - Индустриялық даму қоры арқылы, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі аясында бұрыннан жұмыс істеп келеді. Дәл осы бағдарлама қазір жүзеге асып жатыр. Қайта форматталып, кейін қаражат өңірлерге автобустарды несиелендіруге бағытталады. Қазақстанның Даму банкінің аясындағы бағдарлама өзгеріссіз қалады", - деді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети