Жеңілдетілген автонесие: 6 ақпанда 761 адам өтінім бере алады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңілдетілген автонесие: 6 ақпанда 761 адам өтінім бере алады Фото:elements.envato.com

6 ақпанда жеңілдетілген автонесие алуға 761 адамға дейін өтініш бере алады. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 ақпанда жеңілдетілген автонесие алуға 761 адамға дейін өтініш бере алады. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғаппаровтың айтуынша, қазіргі уақытта қолданыстағы автонесиелерді өтеуден жиналған ақша сомасы 7,6 миллиард теңге болады.

"Осы деректерді ескере отырып, пилоттық платформаны алғаш іске қосқан кезде 761 үміткерге дейін тіркеле алады. Осы санға жеткенде, платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады, ал "өтініш беру" функциясы жұмыс істемейді.

Алдағы уақытта платформада өтініштер ай сайын қабылданып, 100-ден аса үміткерді тіркеуге мүмкіндік береді", - деді қор басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров.

Еске салайық, өтінімдерді қабылдау 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады. Бұл туралы толығырақ - мұнда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети