Жеңілдетілген автонесие: жаңа мәлімет айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңілдетілген автонесие: жаңа мәлімет айтылды Фото:elements.envato.com

"Жасыл Даму" 6 мамырда Өнеркәсіпті дамыту қорына жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге бөліп, аударады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жасыл Даму" 6 мамырда Өнеркәсіпті дамыту қорына жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге бөліп, аударады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"6 мамырда ақша Өнеркәсіпті дамыту қорына аударылады. Бұл "Бәйтерек" қорының акционерлік қоғамы. Қор жұмыс істейтін банктермен келісімшарт жасасуы керек. Кейін олар осы банктердің есепшотына ақша аударып, банктер жұмысын бастауы керек. Қанша уақыт алады - бір күн, екі-үш күн, әр банкпен жеке жұмыс жасаймыз. Қазірдің өзінде бірнеше банкпен келісімшарт бар. Олармен келісім жасалып, қазір пысықталып жатыр", - деді Өскенбаев, Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы іске қосылатыны айтылған болатын. Оған утильалымнан түскен 100 миллиард теңге бөлінеді.

Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие шарттары аталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети