Қазақстанда жеңілдетілген автокөлік несиесінің шарттары өзгеруі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда жеңілдетілген автокөлік несиесінің шарттары өзгеруі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Спикердің айтуынша, Қазақстанның Даму банкі арқылы жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша ақша бөлінбейді.
"Әзірге қосымша қаражат бағыттау бойынша ешқандай болжам жоқ. Бірақ шарттар қайта қаралуы мүмкін деген түсінік бар. Яғни, мөлшерлеме өте жоғары болатын жағдайға тап болып отырмыз. Сәйкесінше, базалық мөлшерлеме фонында төрт пайыз өте арзан көрінеді. Сондықтан оған сұраныс артып отыр. Ал біз қазіргі жағдайда бұл сұраныстың барлығын қанағаттандыра алмайтынымызды түсінеміз.
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасында халықтың белгілі бір аудиториясын қанағаттандыру міндеті тұр. Ал біздің міндетіміз – халықтың белгілі бір аудиториясы бұл қаражатты алуын қамтамасыз ету", - деді Оспанов.
Ол ҚДБ арқылы жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жұмысын жалғастырып жатқанын, бірақ баяу екенін атап өтті.
"Бағдарлама жұмыс істеп тұр, бірақ ол баяу жұмыс істейді. Біз оны түрлендірумен де айналысамыз, бірақ сәл кейінірек. Өйткені ӨДҚ желісі бойынша бағдарламаға қарсы болған шағымдар ҚДБ желісіне де қатысты. Қазір қандай міндеттерді шешу керек екенін түсіндік.
Бізде шамамен түсінік бар. Біз бұл туралы кейінірек, 2-3 ай ішінде автобус бағдарламаларын іске қосқаннан кейін, ресми рәсімдер: әкімдіктер, әлеуетті өтініш берушілер және тасымалдаушылармен жұмыс аяқталғаннан кейін хабарлаймыз", - деп қосты вице-министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!