Жеңілдетілген автонесие: қосымша қаржыландыру бола ма?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңілдетілген автонесие: қосымша қаржыландыру бола ма? Фото:elements.envato.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржыландыру бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржыландыру бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Автонесиеге келетін болсақ, шынымен де өтініш көп. Біз мүмкіндігінше, қосымша қаржы бөлуге тырысамыз. ӨКМ-дегі 220 миллиард теңгенің 100 миллиардын жеңілдетілген автонесиеге, ал 30 миллионын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аудардық. Яғни, ауыл шаруашылығымен айналысатындар комбайн, тракторларды жылына алты пайыздық жарнасыз сатып ала алады", - деп түсіндірді Скляр Үкімет отырысында.

Скляр жеңілдетілген автонесиелерді ұзартуға және қосымша қаржыландыруға барынша мүмкіндік жасайтынын айтты.

"Біз кәсіпкерлер мен азаматтардың көліктерін жаңартуға, сол арқылы экологияны жақсартуға көмектесеміз. Егер мұндай мүмкіндік болса, біз оны пайдаланамыз. Жеңілдікті автонесиеге бөлінген 100 миллиард теңгені 12 мыңнан аса адам пайдаланды", - деді Роман Скляр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети