ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2022 | 06:47
Жеңілдетілген автонесиеге көліктер бар - Автосалон директоры
Алматыдағы автосалондарда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын көліктер бар. Дегенмен, олардың ауқымы шектеулі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматыдағы автосалондардың бірінің директоры Никита Боронин айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы автосалондарда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын көліктер бар. Дегенмен, олардың ауқымы шектеулі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматыдағы автосалондардың бірінің директоры Никита Боронин айтты.
Директордың мәліметінше, жеңілдетілген автонесие беру басталған күннен-ақ автосалондарда әбігер болған. Себебі, Қазақстандықтарға құны 15 миллион теңгеге дейінгі көлікті бастапқы жарнасыз сатып алуға болады деген шарт ұнаған.
"Клиенттер әдеттегіден көп. Адамдар келіп кеңес алып жатыр. Банкке өтініш беру үшін қолыңызда төлем шоты болуы керек. Бұл құжатта VIN коды, белгілі бір түс және клиент таңдаған автомобильдің белгілі бір конфигурациясы көрсетілген. Яғни көлік Қазақстан аумағында болуы тиіс", - деді Боронин.
4 пайыздық автонесиеге қалай өтінім береміз? Нұсқаулық
Ол салондарда осы бағдарлама бойынша алуға болатын көліктер барын, бірақ қалаған үлгідегі көлік алу мүмкін емес екенін айтты.
"Біраз көлік қоймада. Бар көліктерге клиенттер алдын ала тапсырыс беріп қойған, тек қаржыландыруды күтіп отыр. Жалпы алғанда, көліктерді сату бойынша транзакциялар өңделіп жатыр.
Кейбір көліктер жолда, Қазақстанға әлі жеткізілген жоқ. Бізде электрон кезек қойылды. Клиент соған тіркеліп, өз кезегін күтеді. Автокөліктерді жеткізу мерзімі әртүрлі, орта есеппен екі айға дейін", - деді Никита Боронин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также