Жеңілдетілген баспана және салық шегерімдері: министр жаңа заң туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл құжат ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған", - деді ғылым министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, жаңа заң ғылыми саланы цифрлық экономиканың толыққанды сегментіне айналдыруға көмектеседі.

"Ғалымдарды ынталандыру мақсатында жас ғалымдар үшін жеңілдікті тұрғын үй сатып алу құқығы енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, заң шеңберінде Салық кодексінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша салықтық жеңілдіктер мен салық шегерімдерін беру бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары көзделген. 50 пайыз көлемінде салық шегерімдері қарастырылған", - деп жазды Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, Ғылым қорының Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік ретіндегі мәртебесі де кеңейтілген. Ол ғылым және технологиялар саласындағы бағдарламалар бойынша бірыңғай терезеге айналады және инновациялық инфрақұрылымды қолдауды жүзеге асырады, сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды тартады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro