18 мамыр 2022 18:10

Жеңілдетілген несие берудің алғашқы күндерінде 14 000 клиент автосалондарға барған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды. Бағдарламаға қызығушылық танытқан қазақстандықтар көп. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (АҚАБ) мәліметінше, бір тәулік ішінде ел бойынша дилерлік орталықтарға 14 000-ға жуық адам жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды. Бағдарламаға қызығушылық танытқан қазақстандықтар көп. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (АҚАБ) мәліметінше, бір тәулік ішінде ел бойынша дилерлік орталықтарға 14 000-ға жуық адам жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы күндері 26,4 миллиард теңге сомасына 3,4 мыңнан астам өтінім мақұлданды.

Азаматтардың жоғары қызығушылығы бағдарламаға енгізілген жаңа шарттардың пайда болуымен түсіндіріледі. 

Қазір бағдарламаға енгізілген жаңа өзгерістер бойынша:

- 10 миллион теңгеден аспайтын несиеге бастапқы жарна төлеу міндеттелмейді;

- қымбат көліктер үшін де автомобильді күту мерзімі 1,5 айға дейін қысқарды;

- алынатын несие сомасының ішінде бар міндетті сақтандыру полисі 0,95 пайызға дейін қысқартылды;

- қаржылық жүктемені төмендету үшін Өнеркәсіпті дамыту қоры сақтандыру туралы шартты қосымша жібереді;

- клиенттің келісімінсіз автомобильдерге қосымша жабдық орнатуға тыйым салынады.

Фото: Tengrinews.kz

Бағдарламаның орындалуын бақылауды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры жүргізеді. Бұдан бөлек, басқа да бұзушылықтарды автосалондардың клиенттермен жұмыс жөніндегі қызметкерлері жүргізеді.

Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап call-орталықтарға қажетті жиынтықтың жоқтығына байланысты 12 шағым, ұзын-сонар кезекке 54 шағым, автокөліктің салонда болмауына 25 шағым келіп түсті. 

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы мәлім еткендей, дилерлік орталықтардың ішкі бұйрықтарына сәйкес, 2022 жылғы наурыздан бастап қызметтің бұл түрі клиенттің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады.

Кез келген бұзушылық туған жағдайда дистрибьюторлар call-орталықтарға хабарласуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети