28 мамыр 2019 | 12:59

Жеңіс Қасымбек: 2025 жылға қарай салық түсімдерін 1,1 триллион теңгеге арттыру жоспарланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауын іске асыру және биыл 24 мамырда Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындау аясында "қарапайым заттар экономикасын" дамыту және шикізаттық емес экспортты ілгерлету мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауын іске асыру және биыл 24 мамырда Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындау аясында "қарапайым заттар экономикасын" дамыту және шикізаттық емес экспортты ілгерлету мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Экономиканың басымдықты салаларын дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсету аясында мемлекеттік органдардың, өңірлер мен даму институттарының өкілдерінің қатысуымен Жобалық кеңсе жұмыс істейді.

ҚР премьер-министрінің Орынбасары Жеңіс Қасымбек Жобалық кеңсе алаңында апта сайын 300-ге жуық отырыс өткізіліп, 1000-нан аса әлеуетті кәсіпкер тындалғанын жеткізді. Нәтижесінде халық тұтынатын тауарлар өндірісін дамытудың қазіргі Бағдарламасына өзгерістер пакеті әзірленді. 2025 жылға қарай "қарапайым заттар экономикасы" тауарлары бойынша импорт үлесін 59 пайыздан 37 пайызға дейін төмендетіп, 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрып, салық түсімдерін 1,1 триллион теңгеге арттыру жоспарланған.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жеңілдікпен несиелендірудің оң қарқынын атап өтті. Бүгінгі таңда 700 миллиард теңгеден асатын сомаға 900 жуық жоба жұмыс үстінде.

ҚР Үкіметінің басшысы халық тұтынатын тауарлар өндірісін одан әрі дамыту бойынша айтылған тәсілдерге қолдау білдірді. Олардың ішінде түпкі қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлемені  9 пайыздан 6 пайызға дейін төмендету, несие мерзімінен 1/3 аспайтын уақытқа жеңілдікті кезеңді енгізу және несиелендіру үшін тауарлар тізімін кеңейту бар.

Отандық тауар және қызмет өндірушілерді қолдау үшін премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор сатып алуларында "қарапайым заттар экономикасына" жататын тауарлар мен қызметтердің үлесін арттыру бойынша шараларды қабылдауды тапсырды. Облыс әкімдіктеріне жергілікті қамтуды бақылау бойынша жұмыстарды жандандыру керек.  

Алдағы 3 жылда қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға 500 миллиард теңге бөлінеді. Шикізаттық емес экспортты дамыту аясында мемлекеттік органдар оған бөлінген бюджет қаражатын толық және уақытылы игеру бойынша жұмысты жалғастырып, шикізаттық емес экспортты ілгерлету тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу қажет, оның ішінде биыл 24 мамырда Ұлттық инвесторлар кеңесінде бизнес көтерген мәселелер ескерілуі тиіс.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети