Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, Алматы облысында кеше болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында министрлікте арнайы комиссия құрылған. Бүгін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың басшылығымен комиссия мүшелері авиациялық оқиға болған жерге аттанды. Сонымен қатар, ол оқиғаның анық-қанығы жақын арада белгілі болатынын айтып өтті.
"Өз атымнан экпаж мүшелері - әуе кемесінің командирі Геннадий Цойдың, екінші пилот Евгений Кутафиннің, әуетехник Бейшібек Ахматбаевтың, сондай-ақ, Акушерия, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығының профессоры, дәрігер акушер-гинеколог Патсаев Талғат Анапиұлы мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлының туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын", - деді Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі.
Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан.