ҚР инвестиция және даму министрі қызметіне Жеңіс Қасымбек келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР инвестиция және даму министрі қызметіне Жеңіс Қасымбек келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Жарлық Ақорда сайтында жарияланды. "Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Айта кетейік, бұған дейін бұл ведомствоны басқарған Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Өз кезегінде бұрынғы қала басшысы Әділбек Жақсыбеков енді ҚР Президенті Әкімшілігін басқаратын болады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы болған Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды.